Қытай тарапы көрші елдерге қатысты ұстанымын жариялады

Қытай тарапы көрші елдерге қатысты ұстанымын жариялады

ҚХР халықтық өкілдерінің Жалпықытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу өз елінің басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қытайдың дамуы – ол бейбітшілікке апаратын жол. Біз бейбітшілікті бағалаймыз және барынша қорғаймыз. Барлық елдермен тең дәрежелі және достық қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз. Біз қысым жасауға және қудалауға қарсымыз. Шағын болсын, үлкен мемлекет болсын, бай ма, кедей ме, әрбір елдің тәуелсіздігін құрметтейміз", - деді Чжаньшу Нұр-Сұлтандағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде.

Оның айтуынша, Қытай өз пайдасы үшін басқалардың, соның ішінде көрші мемлекеттердің мүддесіне қайшы әрекет жасамайды.

"Қытай қарым-қатынасты күшейтіп, өзара сенім мен құрметті нығайту керек деп санайды. Халықтарды жақындастыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуді қалайды", - деп атап көрсетті Чжаньшу.