Қырғызстанда коронавирус жұққан дәрігерлер 134 адам болды

Қырғызстанда коронавирус жұққан дәрігерлер 134 адам болды

Қырғызстанда коронавирус инфекциясы жұққан дәрігерлер 134 адамға жетті. 

19 сәуір күнгі брифинг кезінде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев жаңа анықталған 18 науқастың барлығы медицина қызметкері екенін хабарлады. Төртеуі - Бішкектен. Қалғаны Нарын, Жалалабад, Ош, Баткен облыстары мен Ош қаласынан. 

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда 554 адамнан коронавирус табылған. 133 науқас жазылған. Бес адам қайтыс болған. 

Вирус жұқтырғандар мына қала мен облыстардан:

  • Бішкек – 111;
  • Ош қаласы – 83;
  • Ош облысы – 147;
  • Баткен облысы – 6;
  • Жалалабад облысы – 102;
  • Шу облысы – 30;
  • Ыстыккөл облысы – 8;
  • Нарын облысы – 67;
  • Талас облысы - 0.