Қазақстан шетелдік туристер санын одан әрі арттыру үшін көлік қатынасын жақсартуда. Қазіргі уақытта 31 елмен 137 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. 2026 жылдың тоғыз айында 24 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Биыл «ашық аспан» режимі 17 әуежайда қолданылады. Бұл режим әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалануға мүмкіндік береді.
«Әуежай инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Кендірлі, Зайсан және Катонқарағайда үш жаңа әуежай салынуда. Арқалық әуежайы қайта іске қосылды, Павлодарда ұшу-қону жолағы жаңартылды. Шетелдік туристерді тартудың тағы бір жолы – визалық рәсімдерді жеңілдету. Бүгінде 105 елдің азаматтары бір реттік электрондық виза ала алады», – деді спикер баспасөз конференциясында.