Freedom Inside '26

Күйеуінің аяғын жуған келіншек оңбай сөз естіді

Күйеуінің аяғын жуған келіншек оңбай сөз естіді
Коллаж: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қазақстандық келіншектің күйеуінің аяғын жуып жатқан сәті түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Бейнежазбаны жариялаған ер адам мұны отбасылық бақыттың көрінісі деп бағалап, әзіл-қалжың аралас: «Мен де үйленемін деп шештім. Неткен бақыт! Ертең емес, арғыкүні үйленемін», – дейді.

Алайда видео желі қолданушыларын екіге бөлді. Бірі мұндай әрекетті әйелді төмендету деп бағалап, «Әркім өз аяғын өзі жуғаны дұрыс», «Бұл бақыт емес», «Жарымды бұлай қорлатпас едім» деген пікірлерін жазды.

Ал екінші топтағы оқырмандар келіншектің ісін отбасына деген қамқорлық пен сыйластықтың белгісі деп қабылдады. Олар «Осындай жар нәсіп етсін», «Келінге Алла разы болсын», «Күйеуіне құрмет көрсеткені дұрыс» деген жылы лебіздерін білдірді.

Осылайша, қарапайым тұрмыстық көрініс әлеуметтік желіде әйел мен ер адамның отбасындағы рөлі туралы қызу пікірталасқа ұласты.