Әнші Алтынай Жорабаеваның қызы той кезінде берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, болашақ жұбайымен екі жыл бұрын ортақ таныстары арқылы танысқан. Ол қарым-қатынастағы маңызды қадамды өзі жасағанын айтып, тұрмысқа шығу туралы ұсынысты алғаш болып өзі көтергенін жеткізді. Ол тосынсыйларды ұнатпайтынын, тұрмысқа шығуға өзі ұсыныс тастағанын айтты.
Сондай-ақ жас келіншек болашақ жарының қазір университетте білім алып жүргенін айтты. Оның сөзінше, үйленгеннен кейін алғашқы алты айда күйеу жігіттің ата-анасымен бірге тұруды жоспарлап отыр.
Бұл сұхбат әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.