Freedom Inside '26

Криптовалютаға сенген заңгер 18 миллион теңгесінен айырылды

Криптовалютаға сенген заңгер 18 миллион теңгесінен айырылды
kaspersky.ru

Ақтөбеде криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салу арқылы табыс тапқысы келген 46 жастағы заңгер алаяқтардың құрбаны болды., деп хабарлайды ult.kz.

Жәбірленуші өзі танымайтын екі адаммен байланысқа шығып, олардың ұсынысына сеніп, бір жарым жыл бойы ақша аударып отырған. Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеге жеткен.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Алдын ала деректер бойынша, ұсталғандардың инвестициялық қызметке ешқандай қатысы болмаған. Олар жәбірленушіден алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.