Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны елу мыңнан асты

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны елу мыңнан асты

Коронавирус жұқтырғандар Ресейде 50 мыңнан асты. Бұл ақпаратты Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Азаттықтың Орыс қызметі - "Радио Свободаның" жазуынша "Коронавирус жұқтырғандардың нақты саны 52 763, оның 29 мыңнан астамы Мәскеуде".

Эпидемия басталғалы Ресейде 456 адам өлген (51-і бір тәулікте), 3 873 адам сауығып шыққан.

Коронавирус Ресейдің барлық аймағына тараған. Мәскеуден кейін Мәскеу облысы (5 959), Санкт-Петербург (1 973), Нижегород облысы (860), Коми Республикасы (507) тұр.

Роспотребнадзордың мәліметіне қарағанда, Ресейде 21 сәуірге дейін 2,14 миллион тест жасалып, коронавирус бар-жоғы тексерілген (тәулігіне +90 мың тест).

Жедел штаб "коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 45 пайызынан астамында ауру белгілері байқалмаған" деп көрсеткен.