Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі

Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі

Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Депутат Нәзилә Раззақтың айтуынша, бұл заң жобасы тікелей Президент тапсырмасы бойынша дайындалған.

«Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзетулердің бірі – автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр», – деді Мәжіліс депутаты.