Көкшетауда жоғалған төрт жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Көкшетауда жоғалған төрт жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды
Ашық дереккөзден

Көкшетауда 8 қазанда жоғалып кеткен төрт жасар баланың денесі кешке қала көшелерінің біріндегі ашық кәріз құдығынан табылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы хабарлама сол күні кезекші бөлімге түскен. Іздеу жұмыстарына полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, баланың денесінен зорлықпен өлім белгілері анықталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты полиция әзірге өзге ақпаратты жарияламады.