Көкшетауда жігітімен жанжалдасқан қыз көліктен түсіп, жарақат алды

Көкшетауда жігітімен жанжалдасқан қыз көліктен түсіп, жарақат алды
Pexels

Көкшетауда қыз жігітімен көлік ішінде жанжалдасып, жүріп келе жатқан Volkswagen автокөлігінен түсіп кеткен. Салдарынан ол дене жарақатын алды, деп хабарлайды ult.kz.

Nayza_kokshe парақшасының жазуынша, оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болған. Деректі полиция тіркеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қозғалысы кезінде жүргізуші мен қыз арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында қыз көліктен шығып кеткен.

Ол жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.