Көкшетаудағы көлік жуу орындарының бірінде болған қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы жұмысшы тоқ соғып, көз жұмды. Оның жанында болған кәмелетке толмаған әріптесі жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Almaty.tv мәліметі бойынша, жұмысшылар темір құрылымды бөлшектеу кезінде абайсызда электр желісіне тиіп кеткен. Салдарынан 18 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапқан.
Зардап шеккен жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
«Науқастың жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп жоқ. Ол бірнеше сағат бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды.