Freedom Inside '26

«Кисло-Сладкий» лақап атымен танымал рэпер Таиландта жоғалып кетті

«Кисло-Сладкий» лақап атымен танымал рэпер Таиландта жоғалып кетті
видеодан скриншот

Таиландтың Паттайя қаласында қазақстандық рэпер Дархан, көпшілікке «Кисло-Сладкий» лақап атымен танымал өнерпаз жоғалып кетті, деп хабарлайды ult.kz.

Жақындарының мәліметінше, ол соңғы рет жағажай аумағында көрінген. Кей деректер бойынша, сол сәтте оның есірткілік масаң күйде болуы мүмкін екені айтылып отыр.

"Егер сіз Паттайя қаласында болсаңыз және оның қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, туыстарына немесе жергілікті құқық қорғау органдарына дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Ақпаратты барынша таратуға көмектесіңіздер. Кез келген мәлімет адамның табылуына сеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.