19 шілде күні Теміртаудағы Qarmet Park («Еңбек даңқы саябағы») аумағында Kia Basketball Fest фестивалі өтеді. Фестиваль Металлург күніне орай ұйымдастырылып отыр. Іс-шара аясында Allur автомобиль компаниясының құрамындағы Kia бренді Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургия компаниясы Qarmet-пен бірлесіп, қала тұрғындарына FIBA 3×3 халықаралық стандартына сай жаңа баскетбол алаңын тарту етеді, деп хабарлайды ult.kz.
Фестиваль сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады. Кіру барлық келушілер үшін тегін.
3×3 турнирі үш санат бойынша өтеді: Men PRO, U18 жасөспірімдер және U18 қыздар. Жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгеден асады, бұл – Қазақстандағы көше баскетболы тарихындағы ең ірі жүлде қоры. Матчтарды FIBA 3×3 ережелеріне сәйкес ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер басқарады.
Фестивальдің музыкалық бағдарламасын танымал орындаушылар RaiM және SHIZA қорытындылайды.
Сондай-ақ фестиваль аясында танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін Media Basket көрсетілім матчы ұйымдастырылады. Оған RaiM, SHIZA, LEGORUS, SHYNGYS, SIXO, KUSH, SOLAKAI, AITKALI, RUSLAN, KALI, MIRONOV, BAHA, ROBERT PAN, ALGA PETERBURG және NURMANBETOV MADIYAR қатысады.
Балалар мен отбасылар үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы дайындалған. Күні бойы аквагрим, аниматорлар, түрлі байқаулар мен кейтеринг қызметі ұсынылады.
Турнирге қатысу тегін. Командаларды тіркеу сайтта ашық. Алайда өтінім беру турнирге автоматты түрде қатысуға кепілдік бермейді. Қатысу ұйымдастырушылардың қосымша растауынан кейін ғана расталады.
Фестивальдің серіктестері: Kia, Qarmet, Теміртау қаласының әкімдігі, сондай-ақ Gmask және Howe брендтері.
Толық ақпарат пен тіркелу kiabasketfest.kz сайтында қолжетімді.