Қазақстандық боксшылардың жаңарған WBC рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың жаңарған WBC рейтингіндегі орны белгілі болды


Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBC) рейтингінің жаңарған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:

Супер ауыр салмақта Жан Кособуцкий 19-шы орында қалды.

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев екі орынға төмен түсіп, 34-орынға жайғасты.

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы өзінің 17-ші орнында, ал Әли Ахмедов 21-ші орнында қалды.

Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғыша – төртінші, ал Мейірім Нұрсұлтанов – тоғызыншы орында.

Жартылай орта салмақта Садриддин Ахмедов те өзінің позициясын өзгертпеді – кестеде 20-шы орныда.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов 23-ші орыннан 22-ші орынға көтерілді, Талған Шәйкен де бір орынға көтеріліп, 36-шы болды.

Жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев екі орынға төмендеп, 24-ші орынға жайғасты.