Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Фото ашық дереккөзден алынды

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Үкімет қаулысына сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Осыған байланысты Үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.