Қазақстанда коронавирусқа тағы 10 адам шалдықты

Қазақстанда коронавирусқа тағы 10 адам шалдықты

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 10 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«13 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 адам тiркелді: Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы қаласында - 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 961 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.