Елімізде былтыр 111 млн тонна көмір өндірілді

Елімізде былтыр 111 млн тонна көмір өндірілді


Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде, өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 2 % құрады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020 жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9% көп. 

ҚР ИИДМ жылу беру маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022 жылдарға арнап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын құрды.