Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізіндегі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

ҚР ҰЯО ҒЗИ деректер орталығының шұғыл мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 23:06-да. (Гринвич уақытымен 17 сағ. 06 мин.) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. «Зілзала ошағы солтүстік ендік 41.53 градус, шығыс бойлық 50.73 градус. Mb тербелісі - 4.4 энергетикалық класы К -11.5. Тереңдігі h - 52 шақырым», делінген хабарламада.