Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды, деп хабарлайды ult.kz.
Компания қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің ата-аналарына, жұбайларына, балаларына, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілеріне авиабилеттер ұсынады. Каспийдегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілердің өздері де тегін билет ала алады.
Тегін билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында орындалатын Air Astana және FlyArystan компанияларының кез келген ішкі рейстеріне жарамды.
Билет рәсімдеу кезінде туыстықты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Air Astana:
Брондау және ақпарат орталығы (тәулік бойы): +7 702 702 00 74 (WhatsApp), сондай-ақ компанияның онлайн-чаты арқылы.
FlyArystan:
help@flyarystan.com, 8 727 331-10-10, WhatsApp: +7 702 702 0227. Сондай-ақ мобильді қосымшадағы немесе сайттағы Live Chat арқылы хабарласуға болады.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілер теңізге түсіп кеткен. Мемлекеттік органдардың алғашқы мәліметінде 19 әскери қызметшінің теңізге кеткені айтылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.