Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шыққан екі ер адамның сапары құтқарумен аяқталды, деп хабарлайды ult.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Күшті ағыс салдарынан оларды теңізге қарай алып кеткен.
Судағы профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласының 4А шағын ауданы маңында жағадан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұраған адамдарды байқаған.
Екі азамат құтқару жилеттерін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.
Олар қайықпен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.