Калифорнияда өртенген орман аумағы жарты миллион гектардан асты

Калифорнияда өртенген орман аумағы жарты миллион гектардан асты

Калифорния аумағындағы 15 тамыздан бері өртенген аумақ 505,8 мың гектарға жетті. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

650-ден астам орман өртінің көпшілігі жай түсу салдарынан пайда болған. Голден-Стейтте 505,8 мың гектардан астам (1,25 миллион акр) жер өртенген. Бұл Нью-Йорк аумағынан алты есе көп. 

Өрт салдарынан 7 адам мерт болды, 1400-ден астам ғимарат қираған.