Бүгін вальюта бағамы қанша болды?

Бүгін вальюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

31 қазанда Қазақстанда негізгі шетел валюталарының ресми бағамы өсті. Ұлттық банк мәліметінше, АҚШ доллары 453,87 теңге болып белгіленді. Алдыңғы күнмен салыстырғанда америкалық валюта 0,16 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды ult.kz.

Еуроның ресми бағамы 508,33 теңгеге жетті. Бір күнде оның құны 2,53 теңгеге көтерілген. Осылайша, доллар, еуро және рубль арасында теңгемен есептегенде ең көп өсім еурода тіркелді. 

Ресей рублі де аздап нығайды. Оның ресми бағамы 0,02 теңгеге өсіп, 5,65 теңгені құрады. Бұл бағаммен есептегенде 1 000 рубльдің құны 5 650 теңгеге тең. Ал 100 АҚШ доллары 45 387 теңге, 100 еуро 50 833 теңге болады. 

Аталған көрсеткіштер — Ұлттық банк белгілеген ресми бағамдар. Коммерциялық банктер мен айырбастау пункттері валютаны өз бағасымен сатып алып, сатады. Сондықтан қолма-қол ақша айырбастау кезінде ұсынылатын бағам ресми көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін.