Freedom Inside '26

Juzzefina әкесінен 8 жыл зорлық көргенін айтып, жылап қалды

Juzzefina әкесінен 8 жыл зорлық көргенін айтып, жылап қалды
Коллаж: ult.kz

Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында жеке өміріне қатысты ауыр жан сырын бөлісті, деп хабарлайды ult.kz Arasha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Эфир кезінде ол таңғы уақытта көрермендеріне әкесімен байланысты болған оқиғалар жөнінде айтқан. Видео желіде тарады. Оның сөзінше, туған әкесі тарапынан ұзақ жылдарға созылған зорлық көргенін айтып, бұл туралы арыз түсіретінін жеткізген.

Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде түрлі пікірлер тарады. Кейбір қолданушылар мұндай ауыр тақырыпты көпшілік алдында жариялауды дұрыс көрмесе, енді бір бөлігі блогерге қолдау білдіріп, жағдайдың өте ауыр екенін жазған.

Желіде «Сұмдық жағдай», «Психологиялық тұрғыдан өте ауыр жарақат», «Сену қиын» деген мазмұндағы пікірлер де көптеп жазылды.