Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдықпен айқасады

Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдықпен айқасады
inbusiness.kz

Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін өткізетін күнін білді. Ол 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ult.kz.

Дычконың қарсыласы — кәсіби рингте әлі жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкс болмақ. Кездесу он раундқа жоспарланған және бокс кешінің алдын ала жекпе-жектері аясында өтеді.

Иван Дычко соңғы рет былтыр 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы бокс кешінде жұдырықтасты. Сол кездесуде ол америкалық Джермейн Франклин-младшийге төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.

Ал Харви Дайкс соңғы жекпе-жегін 21 қарашада Англияның Брайтон қаласында өткізіп, Беларусь өкілі Виктор Чварковты ұпай санымен жеңген.

https://www.instagram.com/p/DY5WKXWEf1z/?utm_source=ig_embed&ig_rid=72140f05-984f-4276-b61d-3b050a1d8317