Италияда қазақстандық студент, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі көз жұмды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Жазбаларға сәйкес, марқұмның денесін елге жеткізу барысында оның туыстары бірқатар қиындықтарға тап болған. Сондай-ақ шығын көлемі шамамен 8000 еуроға жеткені айтылған.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен жергілікті құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар отбасы мүшелерімен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда.