Иранда Sepehran Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға кері оралып, шұғыл қонды, деп хабарлайды ult.kz.
Ұшақ Мешхедтен Керманшахқа бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай оның дөңгелегі жарылып, қозғалтқышы зақымданған.
Қатты діріл салдарынан ұшақ салонындағы сөреде тұрған заттар жолаушылардың үстіне құлаған. Экипаж ұшақты кері бұрып, әуежайға қондырған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, борттағы жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.