Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ирактағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылдан 11 адам жарақат алды

Ирактағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылдан 11 адам жарақат алды

Иранның Ирактағы америкалық әскери базаға жасаған шабуылынан АҚШ-тың 11 әскери қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" CNN-ге сілтеме жасап.

«Жарақат алғандар осы аптада Кувейттегі және Германияның Ландштулындағы ауруханаларға жеткізілді. Олар сол жерде ем алады» деп жазады агенттік.

 

9 қаңтар күні Иран генералы Амир-Али Хаджизаде америкалық базаларға жасалған шабуылдан жарақат алғандар жоқ екенін айтқан болатын. Тегеран америкалық әскерилерді өлтіруді мақсат етпегенін мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Иран АҚШ-тың генерал Касем Сулейманиді өлтіргеніне жауап ретінде 8 қаңтар күні Американың әскери базасына шабуыл жасаған болатын.