Үндістанда смартфонға қатысты жанжал қайғылы жағдайға ұласты. 18 жастағы жігіт әкесінен iPhone сұраған, деп хабарлайды ult.kz.
Алайда әкесі қаржының жетіспеуіне байланысты смартфон алып беруден бас тартқан.
Осыдан кейін жігіт жартастың шетіне барып, төмен секірмек болған. Туыстары мен құтқарушылар оны райынан қайтаруға үш сағат бойы тырысқан.
Алайда жас жігіт төмен қарай секіріп кеткен. Артынан әкесі оны құтқармақ болып ұмтылғанымен, өзі де жартастан құлап кеткен.
Жақындарының қаза болғанын көрген анасы да қайғыға шыдамай, төменге секірген. Үш адам да оқиға орнында қаза тапқан.