Freedom Inside '26

Instagram-дағы танымал блогер бопсалау ісі бойынша ұсталды

Instagram-дағы танымал блогер бопсалау ісі бойынша ұсталды
Видеодан скриншот

Шымкентте кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің бірі – Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер. Ол үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндетін атқару барысында немесе кәсіпкерлік қызметіне қатысты түрлі жағдайларды әдейі бейнетаспаға түсіріп отырған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, түсірілген видеолар кейін бопсалау құралы ретінде пайдаланылған. Күдіктілер әлеуметтік желілерде азаматтардың беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаймыз деп қорқытып, олардан ақша талап еткен.

Шымкент қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы күдіктілердің заңсыз әрекетінің жолын кескен.

Қазіргі уақытта төрт күдікті де ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.