️Instagram арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел 4 жылға сотталды

️Instagram арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел 4 жылға сотталды
istockphoto.com

Ақмола облысының тұрғыны Instagram желісінде бір жыл бойы заңсыз құмар ойын ұйымдастырып, 90,6 млн теңгеден астам қылмыстық кіріс тапқан, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, ойынға қатысушылар 100-ден 2100 теңгеге дейін бәс тіккен. Сот әйелді Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Құқық қорғау органдары лицензиясыз құмар ойын ұйымдастыру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.