Индонезияда бортында 243 адамы бар паром жоғалып кетті

Индонезияда бортында 243 адамы бар паром жоғалып кетті
BILD

Индонезияда бортында 243 адам болған Virgo Transport 8 паромымен байланыс үзілді. Бұл туралы елдің Ұлттық іздеу-құтқару агенттігі (Basarnas) хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Паром Сурабаядан Банджармасинге бағыт алған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де, яғни Мәскеу уақытымен 21:00-де кеме дауылға тап болғаннан кейін онымен байланыс үзілген.

Құтқару операциясының үйлестірушісінің айтуынша, кемеден соңғы сигнал Банджармасиндегі Басирих SAR айлағынан шамамен 80 теңіз милі қашықтықта тіркелген.

Қазіргі уақытта паромды іздеуге Индонезияның әскери-теңіз күштері, су полициясы және навигациялық қызметтер жұмылдырылған. Ведомство іздеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.