Головкин Деревянченкомен айқас алдында ашық жаттығу өткізді (Видео)

Головкин Деревянченкомен айқас алдында ашық жаттығу өткізді (Видео)

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін титулдық жекпе-жек алдынан ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратSports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы алдымен ет қыздыру үшін жалғыз жаттығу жасап, артынша бапкері Джонатан Бэнкспен жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко бокс кеші Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қараша күні таңғы 6-да басталады. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының бос тұрған белдіктеріне таласады. Осы бокс кешінің андеркардында тағы бір қазақ боксшысы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы америкалық Эндрю Эрнандес (20-7-2, 9 КО).