Германияның Федералдық барлау қызметінің (BND) бұрынғы басшысы Август Ханнинг тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу оның құпия мемлекеттік ақпараттарды жинап, шетелдік барлау қызметіне беруі мүмкін болғанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу мәліметінше, 80 жастағы Ханнинг зейнетке шыққаннан кейін де Федералдық канцлер кеңсесіндегі апта сайынғы жиындарға арналған құпия материалдарды алып отырған. Болжам бойынша, ол бұл құжаттар үшін барлау қызметі басшылығы аппаратының қызметкеріне ақша төлеген.
Тергеушілер бұрынғы барлау басшысының аталған ақпараттарды жеке компанияларға кеңесші ретінде жұмыс істеу барысында пайдаланғанын және оларды сатуды жоспарлағанын анықтап жатыр.
Кемінде бір жағдайда Ханнингтің құпия мәліметтерді шетелдік барлау қызметіне берген болуы мүмкін деген күдік бар. Алайда прокуратура ақпараттың нақты адресатқа жеткен-жетпегенін әзірге анықтаған жоқ.