Франциядағы наразылық: 500-ден астам адам ұсталды

Франциядағы наразылық: 500-ден астам адам ұсталды
ашық дереккөз

Францияда жалғасып жатқан жаппай наразылық кезінде полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс болды. Құқық қорғау органдары шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ, жарық-дыбыс гранаталары мен су атқыш машиналарды қолданды. Кейбір демонстранттар полицияға түрлі заттар лақтырған.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бір күнде ел бойынша 71 500 адам наразылық акцияларына қатысқан. Оның 24 500-і Парижде жиналған. Қақтығыстар салдарынан 48 полицей мен жандарм жарақаттанып, 504 адам ұсталған.

Бордо қаласындағы Капуцин ауданында бетперде киген бір топ адам полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Олар ғимараттың кіреберісіндегі қоқыс жәшіктерін өртеп, жалын кейін бөлімшенің өзіне тараған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Наразылықтар білім беру саласындағы кадр тапшылығы мәселесін де күн тәртібіне шығарды. Францияның білім министрі мұғалім жетіспейтін мектептерге 3 мың уақытша мұғалім жіберілетінін мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 114 мектепте педагог тапшылығы аса күрделі деңгейге жеткен. Тағы 400 мектептегі жағдай шұғыл араласуды қажет етеді.