ФИФА таңдауы: Родри – 2026 жылғы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы

ФИФА таңдауы: Родри – 2026 жылғы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы
oxu.az

Испания құрамасының капитаны Родри Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Осылайша испаниялық жартылай қорғаушы турнирдің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ult.kz.

Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Родри турнир барысында ұлттық құрама сапындағы сегіз матчтың бәріне қатысып, команданың басты тіректерінің бірі болды. Ол гол соқпаса да, нәтижелі пас бермесе де, қорғаныс пен ойын ұйымдастырудағы сенімді ойынымен Испанияның чемпиондық жолына елеулі үлес қосты. Испания құрамасы бүкіл турнирде қарсыластарына небәрі бір ғана гол жіберді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнирге қазіргі әлем чемпионы ретінде Аргентина құрамасы қатысқан болатын.

Бұған дейін Испания құрамасының қорғаушысы Пау Кубарси әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы атанса, Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе турнирдің үздік сұрмергені атанды.