Еуропа мұнайсыз қалуы мүмкін: Saudi Aramco жеткізуді тоқтатпақ

Еуропа мұнайсыз қалуы мүмкін: Saudi Aramco жеткізуді тоқтатпақ
Getty Images

Saudi Aramco қазан айында Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізбейді. Бұған мұнай тасымалдайтын «Шығыс – Батыс» құбырына жасалған дрон шабуылы себеп болған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ult.kz.

Олардың мәліметінше, компания Еуропадағы кемінде екі мұнай өңдеу зауытына бұл шешімнің Еуропалық одақтағы барлық клиенттерге қатысты екенін хабарлаған. Әзірге Saudi Aramco бұл ақпаратты растаған жоқ.

Ұзындығы 1,2 мың шақырым, тәулігіне шамамен 7 млн баррель мұнай өткізуге қабілетті құбыр мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтіп, Қызыл теңіздегі Янбу портына жеткізу үшін пайдаланылған.

Шабуыл салдарынан құбырдағы екі сорғы станциясы зақымданған.