Ертең бірқатар өңірде қатты аяз болып, боран соғады

Ертең бірқатар өңірде қатты аяз болып, боран соғады

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Астана қаласында түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады.

8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.

8 ақпанда Петропавл қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстаң соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.