Белгілі ақын Ершат Қайболдин әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Ақынның сөзінше, оқиға «Қайырлы кеш» бағдарламасының түсірілімі кезінде болған. Оның айтуынша, сахнада өлең оқып тұрған сәтінде жанында тұрған Тұрсынбек Қабатов өлеңді келемеждегендей әрекет көрсеткен.
Ершат Қайболдин мұны эфирден кейін ғана байқап, бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді.
«Біз жерлеспіз, бір өңірден шыққан азаматтармыз. Қолдау көрсетеді деп ойладым. Бірақ көргенім көңіліме тиді», – деді ақын.
Сондай-ақ ол өнердегі аға буын өкілдерінің жас таланттарға қолдау көрсететінін мысалға келтіріп, әріптестер арасындағы сыйластықтың маңызын атап өтті.