Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Раймға деген ыстық ықыласын білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі өнердегі де, өмірдегі де ең үлкен тірегі жұбайы екенін айтып, оған алғыс жаудырды.
«Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” – Райм екенін. Барлығы үшін рахмет. Сүйем сені! Тек менде күйеу бардай, “күйеуім, күйеуім” деп айта беретінім де осы», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ерке өз оқырмандарына да жүрекжарды тілегін жолдап, әрбір қыз-келіншекке қолдап-қуаттайтын, қанат бітіретін өмірлік серік тіледі.
Әншінің айтуынша, нағыз ер азаматтың қадірі оның жасына емес, жауапкершілігіне байланысты. Ол ата-анасына құрмет көрсетіп, жақындарына жанашыр болып, отбасысына қамқорлық танытып, қоғамда өз орнын таба білу ер адамның санасы мен тәрбиесіне байланысты екенін атап өтті.
Желі қолданушылары Ерке мен Раймның жарасымды қарым-қатынасына тәнті болып, жұпқа бақыт пен баянды ғұмыр тіледі.