Ерекше баласын қатарластарына қосып, оның дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жүрген ана айналасындағылардың қоятын сұрақтарына реніш білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, кей адамдар баланың жағдайынан бұрын, оған және оны бағып отырған адамға мемлекет тарапынан қанша қаржылай көмек көрсетілетініне қызығатын көрінеді.
Видео авторы мұндай сұрақтардың баласы үшін күн сайын алаңдап жүрген ата-анаға ауыр тиетінін айтты.
Ол баласысауығып кетсе, миллиондарды беруге дайын екенін, сондықтан онсыз да жаны қиналып жүрген ерекше баланың анасына ақша туралы ауыр сұрақтар қоймауды сұрады.
Ана ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға материалдық көмек емес, ең алдымен түсіністік пен қолдау қажет екенін жеткізді.