Freedom Inside '26

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі автокөліктер аукционға шығарылды

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі автокөліктер аукционға шығарылды
видеодан скриншот

Бұған дейін заңсыз кәсіпкерлік ісі бойынша кінәлі деп танылған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тағы бір мәлімет белгілі болды. Астанада олардың компаниясының балансына тіркелген сегіз автокөлік аукцион арқылы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ult.kz.

Мәліметке сәйкес, Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2025 жылы шығарылған сегіз Hyundai Elantra автокөлігін саудаға қойған. Көліктер «Zhana Business» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атына рәсімделген.

Аукцион 7 шілдеде өтеді. Кейбір автокөліктердің бастапқы бағасы шамамен 8,4 миллион теңге болып белгіленген.

Алғашқы кезеңде саудаға мемлекеттік мекемелер қатыса алады. Егер көліктерге мемлекеттік ұйымдар тарапынан сұраныс болмаса, олар кейін ашық аукцион арқылы барлық азаматтарға ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін сот блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізді деп таныған болатын.

Қазіргі таңда тәркіленген мүлікті өткізу рәсімдері заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр.