Әскерде ауыр жарақат алып, екі жылға жуық өмір үшін күрескен Ербаян Мұхтардың қазасынан кейін тағы бір даулы жағдай туындады, деп хабарлайды ult.kz.
Марқұмның туыстары оның денесін өздеріне бермей жатқанын айтып, наразылық білдірді.
Жақындарының сөзінше, полиция қызметкерлері Ербаянның мәйітін арнайы көлікке тиеп, мәйітханаға алып кетпек болған. Алайда отбасы бұған келіспей, марқұмның денесін өздеріне табыстауды талап еткен.
Instagram желісіндегі erbayan2024 парақшасында өткен тікелей эфирде туыстары Ербаянға көрсетілген медициналық көмектің сапасына күмән келтірді. Олардың айтуынша, ұзақ уақыт төсекке таңылған жігітке тиісті күтім жасалмаған.
«Денесін шірітіп жіберген. Аяғы, мойны, құлағынан дейін шіріген. Иісі мүнкіп тұр», – деп мәлімдеді жақындары эфир барысында.
Айта кетейік, Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, содан бері ұзақ уақыт ем қабылдаған еді. Оның қайтыс болуы қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.