Әскерде жүрген кезінде ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ұлпан Советбекқызы хабарлады, деп жазады ult.kz.
Оның мәліметінше, Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ауруханасына жатқызылған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
"Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды", – деп жазды Ұлпан Советбекқызы.
Сондай-ақ ол бұл ақпаратты Ербаянның ата-анасының өтінішімен жариялап отырғанын айтты.
Ұлпан Советбекқызының сөзінше, Ербаянның ата-анасы ұлының денсаулық жағдайына қатысты толық әрі нақты ақпарат ала алмай отыр.
"Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті мәліметтерді толық ала алмай отыр", – деді ол.