Желіде «Өрмекші адам» фильміне қатысты дау туды

Желіде «Өрмекші адам» фильміне қатысты дау туды
youtube.com

Желіде «Өрмекші адам» фильміне қатысты дау туды, деп хабарлайды ult.kz Тіл кеспек жоқ telegram арнасына сілтеме жасап.

Жұртшылықтың айтуынша, кинотеатрлар қазақ тіліндегі сеанстарды өте аз және ыңғайсыз уақытқа қойған. Ал орыс тіліндегі көрсетілімдер саны әлдеқайда көп. 

Желі қолданушылары мұны әділетсіз деп санайды. Оған қоса қазақтілді сеанстар санын көбейтуді талап етіп отыр.

Еске салайық, жақында прокатқа шыққан «Өрмекші адам: жаңа күн» фильміне де қазақстандық көрермендердің қызығушылығы жоғары. Фильм әлем бойынша жоғары сұранысқа ие болып, алғашқы күндерден-ақ көрермендердің назарын аударды.