Тоқмокта жүйелі түрде отбасылық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Шу облыстық ІІБ мәліметінше, милицияға 33 жастағы жергілікті тұрғын әйел жүгініп, азаматтық некедегі күйеуі үш жыл бойы өзіне және кәмелетке толмаған екі баласына күш көрсетіп келгенін айтқан.
Әйелдің сөзінше, ер адам оларға электр сымын және күректі пайдаланып, дене жарақатын салған. Жәбірленуші мен балаларға алған жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1988 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.