Елорданың Жұмыспен қамту орталығынан қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

Елорданың Жұмыспен қамту орталығынан қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының бірқатар қызмет түрін онлайн алуға болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Енді қала әкімдігінің электрондық қызметтер порталында https://ns.gov.kz/ келесі қызметтер қол жетімді болды: санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу; медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу; мүгедектерді кресло-арбаларымен қамтамасыз ету», - деді қала әкімінің орынбасары. 

Оның атап өтуінше, онлайн платформаға көшу қағаз құжат айналымын қысқартады және қазіргі жағдайда адамның адаммен байланысын азайтады. 

Нұр-сұлтан қаласының әкімдігінде барлығы 160 қызмет түріне жауап алуға болады. Олардың 83 пайызы автоматтандырылған.