2 қарашада Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында ММА жанкүйерлері асыға күткен турнир болып өтті.
“Дала қырандары спортты қолдау ұлттық қоры” және “Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған турнирде еліміздің аты шулы жауынгерлері ел намысын қорғап, әлемдік рейтингде өз орнына ие файтерлермен жекпе-жек көрсетті.

Турнирдің мақсаты қала мен жер-жерлердегі жас таланттарды қолдап, олардың спорт шыңына шығудағы үлгілі жолын жастар арасында дәріптеу. Қазақстан жекпе-жек шеберлерін әлемдік рейтингте өнер көрсете алатынын дәлелдеу мен қатар, жастар арасында спортты дамыту.
DFC – бұл тек жекпе-жектердің сериясы ғана емес, сонымен қатар ол - сабақтастық пен өз бастауларына деген адалдықтың символы. Турнир спортшылардың туған қаласы көшелерінен бастап, халықаралық арена мен өз елінің намысын қорғайтын күрес жолының философиясын қамтиды. Мәселен, әлемдік деңгейге жету жолында көптеген қиындықтарды бастан өткізген және жас спортшыларды белсенді қолдайтын қазақстандық жауынгер Василий Тахтай осы идеяның жарқын мысалы.


Жоғарыда айтылған мақсат жолында әлемнің 10 елінен келген жауынгерлер Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайындағы октагонда кездесті. DFC турниріне АҚШ, Мысыр, Үндістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Бразилия, Иран және Түркия елдерінің өкілдері қатысса, Василий Тахтай, Еркебұлан Тоқтар, Сүндет Айтқұл және Аян Тұрсын сияқты танымал файтерлер еліміздің намысын қорғады.
«Турнирде еліміздің бірқатар аты шулы жекпе-жек шеберлері өнер көрсетеді. Оларға әлемдік деңгейдегі жауынгерлер қарсылас болады. Атап айтатын болсақ басты картта Василий Тахтайға қарсы жекпе-жекке шыққан АҚШ жауынгері өте тәжірибелі спортшы. Ол UFS-дің экс жауынгері. Бұл турнирге спортшылар да, біз де тыңғылықты дайындалдық. Көрермендерден қолдау мен ыстық лебіз күтеміз”, -деді, “Дала қырандары спортты қолдау ұлттық қоры” координаторы, DFS аммбасадоры Нұрғали Тұрсынғазиев.
Турнир барысында еліміздің спортшылары дайындықтарының қандай деңгейде екенін көрсетіп, фонаттары мен ММА сүйер қауымның алдында ел намысын қолдан бермей қарсыластарына есе жіберген жоқ.

Турнирдің екінші басты жекпе-жегі болады деп күтілген файтта Еркебұлан Тоқтар Мысырлық қарсыласын бірінші раундта ойсырата жеңіп, Face to face-те берген уәдесін орындады. Ол екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңемін деген болса, қарсыласы оның жоспарымен келіспей, бірінші раундта жекпе-жекті жеңіліспен аяқтауға бел буыпты. Дегенмен, Еркебұлан Тоқтар ел намысын қорғап көрермендердің қошеметіне бөленді.
Ал, Octogon лигасында өнер көрсетіп чемпион атағын иеленген жауынгер қыз Аян Тұрсын (52,2 кг) бразилиялық Эдна Оливейраны төрешілер шешімімен жеңді. Сөйтіп, ол ММА-дағы жетінші жеңісіне жетті.

Тағы бір отандасымыз Жұман Жұмабеков (63 кг) үндістандық Абхилаш Раутты «ұйықтатып» тастаса, мэйн-кардтың үшінші жекпе-жегінде Қырғызстанның өкілі Шермурат Калилов (70,3 кг) 60 секундтың ішінде бразилиялық файтер Дос Сантосты жеңді.
Сондай-ақ, мэйн-кардқа дейін алдын-ала шайқастар өткен болатын.
Нәтижелер келесідей:
56 кг. «Дала Қырандары» ЖҚБ мүшесі Қайсар Жауғашар бірінші раундта Жанбалу Маликованы (Әзірбайжан) техникалық нокаутпен жеңді
61 кг. «Дала Қырандары» ЖҚБ мүшесі Руслан Шаносов үшінші раундта Манат Жолдасовты (Қазақстан) техникалық нокаутпен жеңді.
61,2 кг. Әлішер Ғабдуллин (Қазақстан) үшінші раундта Эльбей Азизовты (Әзірбайжан) техникалық нокаутпен жеңді.
65,8 кг. Сүндет Айтқұл (Қазақстан) бірінші раундта Родриго Сарафянды (Бразилия) техникалық нокаутпен жеңді.
70,3 кг. «Дала Қырандары» ЖҚБ мүшесі Қожахмет Иманғали бірінші раундта Саман Морадманды (Иран) тұншықтыру әдісімен жеңді.
84 кг. Сұлтан Қиялов (Қазақстан) бірінші раундта «Үшбұрыш» әдісімен Мохаммад Голамиді (Иран) жеңді.
Мэейн-кардтың басты жекпе-жегін айрықша атап өткен жөн. Жаңа промоушен ұйымдастырған бірінші турнир аясындағы кештің басты жекпе-жегінде Василий Тахтай (70,3 кг) айналдырған 40 секундтың ішінде UFC-дің экс-жауынгері америкалық Уилл Чопты айқын басымдылықпен жеңді. Сөйтіп, үш жылдық үзілістен кейін ММА-ға қайтып оралған қазақстандық файтер чемпиондық белдіктің иегері атанды.

Василий Тахтай жарқын жеңісін әрқашан қасынан табылған анасына арнады. Чемпиондық белбеуді анасына сыйлап, жастар арасында тағы бір үлгілі ұстазы, әрі үйренері көп жауынгер екенін дәлелдеді.
«Мен “Дала қырандары жастар қоғамдық ұйымының мүшесімін. Бұл Қазақстандағы ең мықты жастар. Не айтарымды білмей тұрмын... Шыны керек, мен жекпе-жекті бұлай тез аяқталады деп ойлаған жоқпын. Жекпе-жек арасында не дейтінімді ойламақшы едім. Дегенмен осылай болды. Бүгін бірінші рет залда анам отыр. Анам маған барын салды, бәрін берді. Тынбай жұмыс істеді, мен басқа қалаға жарысқа баруым үшін біреуден қарыз алды. Мендегі бар нәрселер тек анамның арқасы», -деді спортшы Василий Тахтай.
