Синоптиктердің болжамынша, 16-18 маусым аралығында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сонымен қатар күндіз еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де күн қатты ысиды. Мұнда ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін жоғарылайды.
Ал елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.