Елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Биыл елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді. Бұл - еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады», - дейді Есмағамбетова. 

Бұған дейін жазғанымыздай, қазіргі уақытта 456 оқушы коронавирустан емделіп жатыр. 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сынып оқушылары арасында коронавирусқа шалдығудың 302 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, вирустық пневмонияға қатысты 1 жағдай анықталды.