Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет WTA әлемдік рейтингін басқарғаннан кейін арнайы кубокқа ие болды, деп хабарлайды ult.kz.
Теннисші Нью-Йорк қаласының көрінісінде жүлдемен суретке түсті. Трофей жұлдыздар картасы бейнеленген күміс түсті теннис добынан тұрады.
Естеріңізге салайық, отандасымыз US Open-ді бағындырып, тарихи жеңіске жетті.
Турниріндегі осы жеңісі үшін Рыбакина 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұл – әйелдер теннисі тарихындағы ең жоғары жүлде.